2009-2011 жылдары нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес бағдарламасына 40 миллиард теңге бөлінеді

АНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ -  Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес мәселесі Мемлекет басшысының және Үкіметтің ерекше бақылауында. Бұл туралы бүгін  «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында болған «Қазіргі таңда салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты  ғылыми-тәжірибелік конференцияда ІІМ Есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің басқарма бастығы Марат Боранбаев мәлім етті,

2009-2011 жылдары нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес бағдарламасына 40 миллиард теңге бөлінеді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.Боранбаевтың сөзіне қарағанда, 2009-2011 жылдары аралығына арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес бағдарламасына 40 миллиард теңге бөлінбекші. Қазіргі таңда республиканың денсаулық сақтау органдары 56 мыңнан астам есірткі, психотропты және токсикалық заттарды пайдаланушыларды  есепке алған.  Оның 4559 әйелдер болса, 3939 кәмелетке толмағандар. Есірткі затын пайдаланушылардың 45 пайызы 18-30 жас аралығындағылар болса,  7 пайызы 17 жасқа дейінгілер. Тек 2008 жылдың өзінде героин есірткісін қолданған  334 адам қайтыс болса, оның 90 пайызы 30-ға  толмаған жастар.