2009 жыл - ел экономикасы жүйесінің бекемділігіне елеулі сын болмақ

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне стратегиялық жоспарлау шараларын күшейту қажет. Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,

2009 жыл - ел экономикасы жүйесінің бекемділігіне елеулі сын болмақ
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Атқарылған барлық шараларды есептегенде, 2009 жылды - ел экономикасы жүйесінің бекемділігіне сын жылы деп түсінуге болады. Мен біз бұл белестердің барлығын өткеретінімізге сенімдімін. Себебі біздегі резервтер мен мүмкіндіктер жеткілікті»,- деді К. Мәсімов. Алайда Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде стратегиялық жоспарлау шаралары ақсап тұрғанын ескеріп өткен Премьер-Министр, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін атап