2009 жыл ел экономикасының қаржы саласындағы объективті қиындықтарын еңсеру жылы болуы қажет ? Қ. Тоқаев

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жыл ел экономикасының қаржы саласындағы объективті қиындықтарын еңсеру жылы болуы қажет.
None
None
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікірін білдірген палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет басшысы өз Жолдауында әлемдік дағдарыс жағдайындағы өзекті міндет ретінде кадрларды қайта даярлау мен оқытуға, шетелдік жұмысшыларды кезең-кезеңімен отандық мамандармен алмастыру ісіне баса назар аударды. Осы орайда, жергілікті проблемаларды, сондай-ақ жұмыспен қамту мәселелерін шешу үшін жергілікті өзін-өзі басқару органы ретінде аудандық мәслихаттарға қаражат бөлу туралы Елбасының ұсынысы ерекше айта кететін жайт. Бұл сұрақ Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес аясында біздің бірлескен жұмысымыздың күн тәртібіне енуі тиіс», - деді Сенат Төрағасы. Сонымен бірге, сөз арасында тәуелсіздік жылдары елімізде құрылымдық экономикалар дәйекті түрде жүргізілгеніне тоқталған Қ. Тоқаев, бүгінгі күні экспорттық әлеует қалыптасып, өндірісті әртараптандыру шарасының да жалғасып отырғанын атап өтті. Төрағаның айтуынша, қазіргідей күрделі жағдайда «Нұр Отан» партиясының белсенді қызметі айрықша мәнге ие болады. «Партия дағдарысқа қарсы шараларды ерекше бақылауына алуға тиісті. Біз, парламентшілер бұл жұмысқа бір кісідей атсалысуымыз қажет. 2009 жыл ел экономикасының қаржы саласындағы объективті қиындықтарды еңсеру жылы болуы қажет», - деді Қ. Тоқаев.
Соңғы жаңалықтар