13:21, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
2009 жыл ? ТМД аясындағы Жастар жылы
АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығында Қазақстан жастары Конгресінің ТМД аясындағы Жастар жылына арналған баспасөз мәслихаты өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш шараға республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Олардың қатарында «Қазақстан жастары Конгресінің» өкілі Нұрлан Сыдықов, «Қазақстан студенттері Альянсы» көшбасшысы Ермек Мақашев, «Студенттік құрылыс жасақтарының» өкілі Жақсыбай Боранбаев және тағы басқа белсенді жастар бар. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылғы қазанның 10-ында өткен ТМД мемлекет басшыларының кеңесінде 2009 жылды Жастар жылы деп жариялау жөнінде шешімі қабылданған болатын. Жастар жылы ? достастық елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, ТМД елдері жастарын біріктіруге, жастар саясатының негізгі басымдылығын жүзеге асыруға бағытталған шара. «Біз Жастар жылы аясында 23 республикалық іс-шара ұйымдастыруды мақсат етіп отырмыз. Олардың қатарында «Жыл студенті ? 2009» республикалық студенттік сыйлығы», «Денсаулық ? басты байлық», «50-де 50» сияқты акциялар бар», - деді Ермек Мақашев. Сонымен бірге жастар «Шексіз достастық» ұранын ұстана отырып, ТМД елдеріндегі әріптестеріне үндеу жолдады. Олар замандастарын қоғамдағы болып жатқан үдерістерге белсене қатысуға шақырып отыр.