2009 жылдан бері екінші деңгейлі банктердің сыртқы борышы 15 млрд. долларға төмендеді - Е. Досаев

АСТАНА.  11 қазан. ҚазАқпарат -  2009 жылдан бері қайта құрылымдау есебінен екінші деңгейлді банктердің сыртқы борышы 15 млрд. долларға төмендеді.
None
None

Бүгін Парламент Сенатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жарлығық капиталын арттыруға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігі» тақырыбында өткен Үкімет сағатында Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.

Бұдан бөлек жылжымалы мүлік нарығындағы проблемаларға тоқталған министр дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде 46 проблемалық нысанның құрылысы аяқталғанын атап өтті. Осының арқасында 11 мың үлескердің мәселесі оң шешімін тапқан.

«Мұндай шаралардың нәтижесінде 2010-2011 жылдары құрылыс саласында дамудың оң үдерістері байқалды. Жалпы, 2014 жылдың аяғына дейін проблемалы саналып келген тағы 5 нысан іске қосылады», - деді Е. Досаев.

Соңғы жаңалықтар