2009 жылдың 31 шілдесі ҚР Үкімет басшысына несімен есте қалды?

ТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы тарапынан 2009 жылдың 31 шілдесінде атқарылған шараларға қатысты қойын дәптеріндегі жазбаларды Twitter-де жариялады.

2009 жылдың 31 шілдесі ҚР Үкімет басшысына несімен есте қалды?

«31 шілде 2009 жыл. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДЖ) енгізу бойынша Жоспарды мақұлдадым. Еліміздің ҮИИДБ және Индустрияландыру картасын талқыладық. Астананың сол жағалауын су тасқынынан қорғайтын бөгет құрылысымен таныстым. Бұл инженерлік кешен 2010 жылы іске қосылды. Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы», - ҚР Премьер-Министрі Twitter-де осындай жазба қалдырды.