2009 жылдың 9 айы ішінде 23 жұртшылық тыңдауы өтті - А.Естаев

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - 2009 жылдың 9 айы ішінде ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде 23 жұртшылық тыңдауы өтті.

2009 жылдың 9 айы ішінде 23 жұртшылық тыңдауы өтті - А.Естаев

Бұл туралы бүгін аталмыш департаментте өткен брифингте ведомство басшысы Абзал Естаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың басынан бері 9 ай ішінде департаментте 23 жұртшылық тыңдауы өтті. Оның 11-інде тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту мәселелері қаралып, 4-інде нормативтік-техникалық шығындарды бекіту туралы өтініштерін және 8-інде тарифтік сметалардың орындалуын қарастыру сөз болды», - деді А.Естаев.