2009 жылдың басынан бері Астанадағы үлескерлердің саны 1023 адамға азайды

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылдың басынан бері Астанадағы үлескерлердің саны 1023 адамға азайды,

2009 жылдың басынан бері Астанадағы үлескерлердің саны 1023 адамға азайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Осы жылдың басынан бері Астандағы үлестік құрылыс нысандарының саны 128-ден 123-ке, ал үлескерлердің саны 24 мың 104-тен 23 мың 081-ге дейін азайды. Наурызда төрт нысан бойынша жұмыстар аяқталды. Осылайша 1 мың 141 үлескердің проблемасы шешілді», деді бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Оның айтуынша, құрылысы аяқталмаған нысандардан пәтерлерді сатып алудың арқасында «Целиноград» және «Эверест» тұрғын үй кешендері салынып біткен. Ал, «Олимп Палас» пен «Уют» тұрғын үй кешендерінің құрылысын компаниялар өздері салған. Сонымен қатар, құрылысы 2003 жылы басталған «Еуропалық» проблемалы тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталған. «Тұрғын үй кешенінің құрылысы салынып бітті. Біз үлескерлерге пәтерлерін бере аламыз», дей келіп, әкім И. Тасмағамбетов елордадағы қалған 123 үлестік құрылыс нысаны шартты түрде бес топқа бөлінгенін атап өтті.