2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстандағы жұмыссыздардың саны 582,8 мың адам болды

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстандағы жұмыссыздардың саны 582,8 мың адам болды,

2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстандағы жұмыссыздардың саны 582,8 мың адам болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Статистика агенттігінің бағалауы бойынша жұмыссыздар саны 2009 жылдың қаңтар-наурызында 582,8 мың адам болды. Бұл өткен жылдың деңгейінен 1,6 пайызға жоғары. Экономикалық белсенді халық санына шаққанда жұмыссыздық деңгейі 1-ші тоқсанда 6,9 пайыз болды, ол 2008 жылдың осындай кезеңінің деңгейінде сақталды, деді бүгін Үкіметтің осы жылдың бірінші тоқсанын қорытындылауға арналған отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, өңірлер бөлінісінде жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Алматы қаласында ? 8,2 пайыз, Ақмола облысында ? 7,4 пайыз, Астана қаласында ? 7,3 пайыз, Қызылорда облысында ? 7,2 пайыз, Қостанай және Маңғыстау облыстарында 7,1 пайыз болды. Жыл басынан бастап ірі кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде қысқарған қызметкерлердің үлесі жалпы қызметкерлер санының 0,2 пайызын құрағаны, ал жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлердің саны шамамен 10 пайыз болғаны анықталған. Б. Сұлтанов экономикалық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан еліміздің әлеуметтік саласындағы жағдай салыстырмалы түрде алғанда тұрақты екенін атап көрсетті.