2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында сыртқы сауда өнімдеріне бағаның төмендегені байқалды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында сыртқы сауда өнімдеріне бағаның төмендегені байқалды.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Атап айтқанда, Қазақстанға әкелінген тауарлардың ішінде аяқ киім бағасы есепті кезеңде 17,4 пайызға, қағаз бағасы -17,2, өсімдік майы - 16,5, кофе ? 8, шай - 3,2, қант 13 пайызға төмендеген. Сонымен бір мезгілде, жыл басынан бері қарай республикамыздан сыртқа шыққан тауарлар бағасы да құбылмалы болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында 2008 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда мұнай бағасы 33,8 пайызға, ал оның өңделген өнімдерінің бағасы 24 пайызға төмендегені байқалды. Сонымен бірге Қазақстаннан сыртқа шығарылатын түсті метал бағасы 26,5 пайызға, қара метал - 23,8, көмір 18,7 пайызға төмендеген. Ал бағалы металдар бағасы 28 пайызға, табиғи газ бағасы 5,8 пайызға көтерілген. Бұдан басқа күріш бағасы 18 пайызға, астық - 13,2, мақта 11,3 пайызға арзандаған.
Соңғы жаңалықтар