2009 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасында инфляция 0,5 пайызды, жыл басынан бері 5,6 пайызды құрады
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Өткен айда азық-түлік тауарларына баға 0,2 пайызға, азық-түлік емес тауарларға - 0,8 және ақылы қызмет көрсетулерге 0,5 пайызға өсті.
«Қараша айында азық-түлік тауарлар рыногында бағаның өсуі жұмыртқаға - 2,8 пайызға, қантқа - 2,4, сүт өнімдеріне - 1,5, жеміс, балық және теңіз өнімдеріне - 1, май және мал майына - 0,9, кондитерлік өнімдерге - 0,8, кофе, шай және какаоға - 0,6 пайызға белгіленді. Ал бағаның төмендеуі нанға 0,6 пайызға, жарма өнімдеріне - 1,1, жаңа жиналған көкөністерге - 1,9, күрішке - 2,2, ұнға - 2,3 және картопқа - 3,6 пайызға тіркелді», - деп атап өтті агенттіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ бағалар қатты отынға 1,4, медициналық дәрі-дәрмектерге - 1,1, сұйытылған газға - 0,9, киім мен аяқ киімге - 0,7, бензинге - 5,2, дизель отынына - 6,5 пайызға қымбаттады, ал құрылыс материалдары керісінше 1 пайызға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық су мен электр энергиясына - 1,2 пайызға, суық су мен қоқыс жинау қызметі үшін - 0,4 пайызға артты.