2009 жылдың қорытындысы бойынша Қаржы министрлігі сыбайлас жемқорлық индексінде 31 меморганның ішінде 17-ші орында тұр

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - 2009 жылдың қорытындысы бойынша Қаржы министрлігі сыбайлас жемқорлық индексінде 31 мемлекеттік органның ішінде 17-ші орында тұр.

2009 жылдың  қорытындысы  бойынша Қаржы  министрлігі     сыбайлас жемқорлық индексінде  31 меморганның ішінде   17-ші орында тұр

Ал жемқорлыққа қарсы күресу индексі бойынша ведомство 14-ші орында, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

«Қалыптасқан жағдайды түзету үшін, сөзсіз пәрменді шаралар қабылдау керек. Оның үстіне, сыбайлас жемқорлықтың индексін анықтайтын көрсеткіштердің бірі бойынша дәлірек айтқанда, жасалған жемқорлық қылмыстар бойынша, Қаржы министрлігі екінші орынды тұр», деп атап көрсетілген ведомство таратқан мәлімдемеде.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi бүгінгі таңда Қаржы министрлігінің 47 қызметкеріне 108 қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалу фактісін тіркеп отыр. Қалай болғанда да, бұл көңіл алаңдататын көрсеткіш, делінген ведомствоның баспасөз баянында.

Қаржы полициясы, Бас прокуратура, Есеп комитеті, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Ақпараттандыру және байланыс агенттігі сияқты алты мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен 2007 жылдың қараша айында Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингін есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілген болатын.