2009 жылдың маусым айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 13393 теңге болды

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Зүлфира Мағзұмова/ - 2009 жылдың маусым айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі өткен аймен салыстырғанда 6,6 пайызға өскен,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Соның ішінде ет пен балық сатып алуға жұмсалған шығын үлесі -6,6 пайыз, жеміс-жидек пен көкөністер-16,2 пайыз, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа-14,5 пайыз, нан өнімдері-8,9 пайыз, қант, шай және тамақ қоспалары-2,3 пайызды құрап отыр.

 Яғни әрбір адам басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 13393 теңге. Нақтырақ айтсақ, 13 жасқа дейінгі балалардың күнкөріс азығы -10450 теңге, 14-17 жас аралығындағы  ұл балалардікі-16900 теңге, ал қыз балалардікі-12948 теңге, еңбек етуге қабілетті кәмелеттік жастан асқан ерлердікі-16032 теңге, әйел азаматтардікі -12729 теңге.

Ал зейнеткерлер мен егде тартқан адамдардың күнкөріс деңгейі-12533 теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар