2009 жылдың соңына қарай Астана, Алматы қалаларында 3 G желісі салынатын болады
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылдың соңына қарай Астана, Алматы қалаларында 3 G желісі салынатын болады.
Бұл туралы бүгін Астанада «Телеком 2009. Корпоративті сектор үшін инновациялық шешімдер» тақырыбында өтіп жатқан форумы кезінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында «КаР-Тел» ЖШС бас директорының орынбасары Дулат Оразалинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«3G қызметін пайдалану үшін алдымен бұл жүйені қалыптастыру қажет. Атап айтқанда «КаР-Тел» компаниясы осы шараларды атқаруға дайын»,-деді ол.
3G технологиясы мәліметтерді тарату жылдамдығын 2 Мбит/секундке дейін қамтамасыз етеді және абоненттерге мобильдік телеарнаны, телефон желісімен қатар бейне байланысты, сондай-ақ бейнеконференциялар секілді қазіргі заманғы қызмет көрсету түрлерін қамтиды. 3G ұялы байланысының стандарты қазіргі кезде қолданыстағы GSM инфрақұрылымымен үйлесімді. Осы арқылы GSM абоненттеріне жаңа стандартқа операторлар мен абонент нөмірін ауыстырмай қосылу мүмкіндігі бар.