2009 жылғы Әлем аруының есімі мәлім болды

АСТАНА.  Тамыздың  24-і. ҚазАқпарат -    Жексенбі күні Багам аралдарында өткен  «Әлем аруы-2009»  сұлулық конкурсының  жеңімпазы    болып  Венесуэланың 18   жасар    сұлуы  Стефания Фернандес    жарияланды.  Бұл туралы  «Азаттық» радиосы  хабарлауда.

2009 жылғы Әлем аруының   есімі     мәлім  болды

Ал  «Әлем вице-аруы» атағы   Доминикан  Республикасының  өкілі  Аде Айми де ла Крузға  бұйырса,   қытайлық   ару  «Ақылына көркі сай   ару»  атағын  алды.      Ал  таиландтық     бойжеткен  «Суретте  бет-әлпеті  жақсы  шығатын сұлу» атағына ие   болды.