11:44, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
2009 жылғы қаңтардың 1-інде еліміздегі халық саны 15 млн. 778,2 мың адамды құрады
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылғы қаңтардың 1-інде еліміздегі халық саны 15 млн. 778,2 мың адамды құрады.
\Бұл 2008 жылғы қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3 пайызға арттық. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, соңғы деректер бойынша халықтың жалпы санының 8 млн. 423,7 мыңы (53,4 пайызы) қалалақ жердің, ал 7 млн. 354,5 мыңы (46,6 пайызы) ауылдық елді мекендердің тұрғындары болып табылады. Аталған кезең бойынша жұртшылық санының өсуі Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, еліміздің барлық өңірлерінде байқалған.
Сондай-ақ, 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында республиканың АХАЖ органдарына жаңа туған 359,3 мың сәби тіркелген, бұл 2007 жылғы көрсеткішке қарағанда 42,5 мың балаға көп болып отыр. Сонымен бірге, бүгінгі күні еліміздің әрбір мың тұрғынына шамамен 23 сәбиден келеді. 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қайтыс болғандардың саны 2007 жылмен салыстырғанда 3,9 мың адамға азайып, 155,1 мың адамды құраған.