2009 жылғы қыркүйекте өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 4,2 пайызға жоғарылады
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 4,8, өңдеу өнеркәсібінде - 3,4, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде 2,3 пайызға жоғарылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің сайтына сілтеме жасап.
Өткен айда бағаның өсімі металл кендеріне - 7,6, мұнайға - 5,4, электр энергиясына - 3,9, газ конденсатына - 3,1, көмірге - 1,5, табиғи газға 0,1 пайызға жоғарылады. Бір айда бағаның мысқа - 18,1, өңделмеген алюминийге - 16,5, мырышқа - 16,4, қорғасынға - 15,7, қымбат металдарға 3 пайызға жоғарылауы, ферроқорытпаларға 0,4 пайызға төмендеуі тіркелді.