2009 жылы 78 жобаны іске қосу арқылы 9 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр - Индустрия және сауда министрі

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылы 78 жобаны іске қосу арқылы 9 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен кеңесте Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жобалар озық жобалар қатарына кірмейтінін және олар жеке бизнестің бастамасы екенін жеткізген В. Школьник, «бүгінде жалпы көлемі 2,3 трлн. теңге инвестицияны құрайтын 147 аймақтық жобалар мониторингпен қамтылып отыр. 2015 жылға дейін бұл бағдарлама бойынша 28,5 мың жұмыс орнын құру қарастырылуда. Осы жобалардың ішінде 2009 жылы 78 жобаны тапсыру арқылы 9 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», - деді. Инвестициялық жобалар несиелік ресурстар есебінен (45 пайыз), инвесторлардың жеке қаржысынан (49 пайыз), даму институттары мен жергілікті бюджеттерден (4 пайыздан астам) қаржыландырылады.
Соңғы жаңалықтар