•2009 жылы АҚШ бюджетінің дефициті 1,6 триллион долларға жетеді

ВАШИНГТОН.  Тамыздың 26-сы.  ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -  Ақ үй мен  АҚШ Конгресі     ағымдағы жылдың  қорытындысы  бойынша қалыптасатын  ел  бюджеті  дефицитінің  болжамында  бірауыздылық  көрсетіп  отыр. 

•2009       жылы АҚШ  бюджетінің  дефициті  1,6 триллион долларға жетеді

Бұл көрсеткіш   рекордтық деңгейге - 1,6 триллион долларға   жақындайды  деп күтілуде.    Былтыр  АҚШ  бюджетінің  дефициті  455  миллиард долларды  құраған болатын.

Барак Обама  әкімшілігінің  менеджмент  және  бюджет кеңсесі, 2010-2019  жылдардағы кезеңде  ел бюджеті  дефицитінің  жиынтығы  9 триллион долларға   жетеді деп пайымдауда.   Конгрестің   Бюджет кеңсесі   алдағы 10 жылда  Америка   7,14  триллион доллар көлемінде  дефицит    жинақтайды  деп санайды. Ұзақмерзімдік  болжамдағы    айырмашылықтар   салық түсімдерінің  есеп-қисабымен байланысты. Үкімет    жылдық табыстары  250 мың доллардан    кем отбасылар үшін  салық  жеңілдіктерін сақтап қалмақ.

Шенеуніктер мен   заңнамашылар  2009 жылы   жұмыссыздық   деңгейі 10 пайызға көтеріледі  деп  күтуде.  Ағымдағы жылдың соңына  дейін   ел экономикасы   оң көрсеткіштер көрсете  бастайды, бірақ   экономиканың  қалпына келу  үрдісі  баяу   жүреді,  дейді  мамандар.