10:18, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
2009 жылы АҚШ-тың жалпы ішкі өнімінің өсуі теріс болады
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - АҚШ Конгресінің Бюджеттік комитеті ел экономикасының 2009 жылғы даму болжамын жария етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заңнамашылардың пайымдауынша, осыдан бір жыл бұрын басталған рецессия үдерісі ағымдағы жылы да жалғасады. Елдің жалпы ішкі өнімінің өсу көрсеткіші теріс болады және -2,2 пайызды құрайды. 2010 жылға қарай экономиканың беті бері қарап, 1,5 пайызға көрсеткішке қол жеткізіледі деп күтілуде. Ал жұмыссыздық деңгейі 9 пайызға жетуі мүмкін. Экономиканы ынталандыру жоспарына қарастырылған шығынды қоса есептегенде, бюджет жетіспеушілігі 1,2 триллион доллардан асып түседі.