2009 жылы әлем бойынша жұмыссыздардың саны 212 миллион адамға жетті

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - 2009 жылы әлем бойынша жұмыссыздардың саны 212 миллион адамға жетті, деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансасы.

2009 жылы  әлем бойынша жұмыссыздардың саны 212  миллион адамға жетті

Бұл көрсеткіш 34 миллион жұмыссыз тіркелген 2007 жылғы көрсеткіштен бірнеше есе көп. Бұл мәліметтер Халықаралық еңбек ұйымының баяндамасында келтіріліп отыр. Зерттеу авторлары, ағымдағы жылы әлемде жұмыссыздардың саны осы деңгейде сақталады, ал дамыған елдер мен Еуроодақта 3 миллион адамға өседі деп болжауда.