19:43, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
2009 жылы әлемде 76 журналист мерт болды
АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - «Репортерлерге шекара жоқ» (Reporters sans frontieres, RSF) құқық қорғау ұйымының есебіне сай әлемде 76 журналист опат болған. Бұл жөнінде ұйымның бас хатшысы Жан-Франсуа Жюльяр мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse сайтына сілтеме жасап.
2008 жылмен салыстырғанда бұл сан 16-ға өскен. Қаза тапқан журналистер Филиппинде көп болған - 33 адам. Екінші орында - Сомали, онда он тілші мерт болған, үшінші орынды Ресей мен Пәкістан бөлісті - бес-бестен репортерлер өлтірілген.