2009 жылы әрбір 1 мыңыншы қазақстандыққа 154 жеңіл автокөліктен келді - Статистика агенттігі

АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - 2009 жылы әрбір 1 мың қазақстандыққа шаққанда 154 жеңіл автокөліктен келді.
None
None

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен мәлімдеді.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы Қазақстанның жеңіл автомобильдер паркінде 2,6 млн. бірлік көлік құралы тіркелсе, халықтың қолданысындағы көліктердің саны 2,5 миллионды құрады. Бұл 2008 жылға қарағанда 1,7 пайызға көп.

2009 жылы халықтың жаңа автомобильдерге деген сатып алушылық сұранысы оның алдыңғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендегені байқалды. Жаңа автомобильдердің сатылуы - 51,8, ал ұсталған көліктер 4,5 пайызға төмендеді (сатылған автомобильдер саны тиісінше 28 мың дана және 18 мың дананы құрады).

Соңғы үш жыл бойы республиканың автомобильдер нарығы өзге елдердің импорты есебінен құрылып келеді. 2009 жылы жеңіл автомобильдер ресурстарының жалпы көлемінің 98,9 пайыз импорттың үлесінде (2008 жылы - 97,9%, 2007 жылы - 98,4%).

Отандық бір кәсіпорынның өндіріс көлемі әзірше халық тұтынысын қамтамасыз ете алмай отыр. Импортты автомобильдердің негізгі жеткізушілері Германия (жеңіл автомобильдер импортының жалпы көлемінің 41 пайызы), Жапония (32,9), АҚШ (9,9) және Корея Республикасы (3,2) болып табылады.

Соңғы жаңалықтар