2009 жылы еліміздің ет экспорты бар-жоғы 0,3 мың тоннаны құрады - А. Селюлев
Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің депутаттарымен кездесуі барысында «Мал өнімдері» корпорациясының Басқарма басшысы Александр Селюлев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«1990 жылдардағы Қазақстанның ет экспорты 184,5 мың тонна болса, 2009 жылы бұл көрсеткіш бар-жоғы 0,3 мың тоннаны құрады. Бұдан бөлек, еліміздің ішкі нарығында да бұл сала бойынша теңгерімсіздік қалыптасып отыр. Мәселен, осы теңгерімсіздіктің салдарынан соңғы жылдары елімізге сырттан жеткізілетін сиыр етінің импорты 20-дан 34 мың тоннаға дейін өсті. Бұл үдеріс кейінгі жылдары ешқандай да азайған емес, сол бойы сақталып келеді», деді А. Селюлев.
Басқарма төрағасының айтуынша, Қазақстандағы ет өндірудің құрылымында негізгі үлес мүйізді ірі қара малға тиеді.