2009 жылы ғарышқа ұшуды кейінге қалдыру туралы естігенімде жаным қатты ауырды - ғарышкер А.Айымбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ғарышкері, ұшқыш, Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов ұшуға дайындалудан гөрі, «ғарышқа ұшасың» деген жауапты күту қиын болды дейді.
None
None

«Ең қиыны күту болды. Дайындық, центрифуга, өте көп ақпаратты игеру, таңнан кешке дейінгі оқу, оның барлығы 12 жылғы күтумен салыстырғанда, түк емес еді. Әсіресе, 2009 жылы ұшуды кейінге қалдырдық дегенде, жаным қатты ауырды... Алты жыл бойы жарты жыл сайын қазақ ғарышкерін космосқа жіберудің жолдарын қарастыру туралы Ресей тарапына хат жібергенмен салыстырғанда да, ғарышқа дайындалу түк те емес еді. Ең қиыны күту болды», - дейді Айдын Айымбетов. Ал ғарышқа ұшуы үшін Ресей азаматтығын алуды ұсынғанда қандай ойда болғанын айта келе: «Ол мәселе айтылғанда отбасым да, өзім де ғарышқа ұшу үшін өзге елдің азаматы болуға келісу ойға қонымсыз дүние екенін білдік. Себебі қазақ «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дейді. Сондықтан бұл ғарышқа ұшудың амалы емес еді. Жуырда Президенттің қолынан Халық Қаһарманы атағын алған кезде мен өзіме тағы бір мәрте «Отанымды ешқашан сатпаймын» деп ант еттім», - деді ғарышкер.

Соңғы жаңалықтар