2009 жылы Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтың көлемі 30 пайызға төмендеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2009 жылы Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтың ең жоғарғы көлемі ақпан айында, ал ең азы мамырда тіркелді.
None
None

Бұл Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Былтыр Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді есепке алғанда 30 пайызға төмендеп, 47 миллиард долларды құрады. Биржадан тыс валюта нарығында да операциялардың көлемі 52,1 пайызға азайып, 49,5 миллиард долларды құрады. Онда операциялардың ең азы қазанда, ең көбі қаңтарда байқалды. Ал теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 1 доллар үшін 147,51 теңгені құрады. Кезең аяғында бұл - 148,46 теңге болды. Желтоқсанда теңгенің долларға қатысты бағамы 148,30-149,27 теңге ауқымында өзгеріп, 0,28 пайызға нығайды. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 51,9 пайызға төмендеп, 3,6 миллиард доллар болды. Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялар да қосымша сауда-саттықтардағы мәмілерді есепке алғанда 37,4 пайызға кеміп, 3,6 миллиард долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар