2009 жылы Қазақстан Ресейге 378 тонна ет және ет өнімдерін экспорттады - АШМ

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2009 жылы Қазақстан Ресейге 378 тонна ет және ет өнімдерін экспорттады. Бұл туралы бүгін елордадағы «Әлем» сауда орталығында ет сатушылармен және тасымалдаушылармен болған кездесуінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев пен Агроөнеркәсіп кешенінің Мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов мәлім етті,

2009 жылы Қазақстан Ресейге 378 тонна ет және ет өнімдерін экспорттады - АШМ

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылы Қазақстан 378 тонна ет және ет өнімдерін экспорттады. Соның ішінде елеуіл үлесті жартылай фабрикаттар, 17 тонна сиыр еті, 22 тонна қой, сонымен қатар жылқы мен шошқа еттері тасымалданды», деді С. Сүлейменов.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің айтуынша, Кедендік одақтың құрылуы Қазақстанның мал шаруашылығы үшін Ресейдің нарығын ашып отыр. Ресей жыл сайын 300 мың тонна ет импортына зәру. Қазақстанмен шекаралас Астрахан және Новосібірге дейінгі аймақтарға жылына 100 мың тонна ет қажет.

А. Евниев, отандық ет тасымалдаушыларға қолдан жасалатын кедергілер болмау үшін ведомство ветеринарлық, мал бордақылау орындарының стандарттары бойынша жұмыстар жасап жатқандығынан хабардар етті.