2009 жылы Қазақстанда мақта өсіру аумақтары азайды - Бақыт Ильясов

trong>Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Еліміздің ауылшаруашылық өнімдерінің ішінде мақта экспортқа шығару көлемі бойынша  бидайдан кейін екінші орынды алып отыр.

2009 жылы Қазақстанда мақта өсіру аумақтары азайды -  Бақыт Ильясов

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен   4-ші тоқыма конгресі барысында Ауыл шаруашылық министрлігінің жер істері мен фитосанитарлық қорғау департаменті директорының  орынбасары Бақыт Ілиясов  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша 2003 жылы мақтадан түскен экспорттық түсім  139,3 миллион долларды құраса,  бидайдан  -  565,0  миллион долларды құраған. Ал, 2008 жылы - 128  миллион долларды құраса,  бидай  -   1633,8  миллион долларды құраған. Елімізде 2009 жылы мақта егу аумақтары 140 мың гектар болды. Экспортқа шығарылатын бір тонна мақта бағасы бүгінгі күні орта есеппен алғанда - 1257,2 долларды құрап отыр.

"Жеңіл өнеркәсіп дамуының негізі болып саналатын шикізатты қайта өңдеу мен мақта өндірісін дамыту - еліміздің аграрлық саласының алдында тұрған маңызды  стратегиялық мәселелердің бірі», деді ол.

«Әлемдік экономика дамуының төмендеуіне байланысты және  бірнеше жыл бойы байқалған су ресурстарының жеткіліксіздігінен, елімізде мақта өсіру аумақтары 199,5 мың гектардан 178,6 мың гектарға дейін қысқарды», деп атап өтті Б. Ілиясов.

Мақта бойынша Халықаралық кеңес комитетінің мәліметтері  бойынша, 2009 жылы мақта өндірісі 10 пайызға дейін азайып, 23,7 миллион тоннаны құрады.