2009 жылы Орталық Уралда ШЫҰ саммиті өтеді

ЕКАТЕРИНБУРГ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат. Екатеринбург қаласы, тұтастай алғанда Ресейдің Свердлов облысы бойынша 2009 жылдың басты оқиғасы – осында өтетін ШЫҰ саммиті болмақшы,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат "РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Өңірдің заң шығару жиналысы аппараты өкілінің айтуынша, 2009 жылғы саммитті өткізуге дайындыққа өңір бюджетінен 96 млн. рубль бөлу көзделген. Саммитқа орай қалада көптеген құрылыстар салынбақшы. «Академ-град» компаниялар тобы Екатеринбургте Ресей-қытай сауда-жәрмеңке, көрме, мәдени орталықтарын салмақшы. Сондай-ақ «Хайат» қонақүйі салынуда, Кольцово халықаралық әуежайы қайта жөндеуден өткізілуде. 2009 жылы жазда Екатеринбургте БРҮҚ (Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай) басшыларының кездесуін өткізу де жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар