2009 жылы өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға 12,7 пайызға төмендеді

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«2009 жылдың желтоқсанында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 23 пайызға арзандады, ал мал шаруашылығы өнімі 1,2 пайызға қымбаттады. Сонымен бірге, 2009 жылы баға жұмыртқаға 10,1 пайыз, шикі сүтке - 3 пайызға төмендеді. Жылқы еті 6,3 пайыз, ірі қара мал мен шошқа еті - 5,7 пайыз, қой еті - 4,5 пайыз, құс еті - 3,2 пайызға қымбаттады. Баға өсімі балға 25,5 пайызды, жүнге - 0,6 пайызды құрады», делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Сонымен қоса, былтыр бидай бағасы 29,1 пайыз, арпа - 25,1 пайыз, жүгері - 4,3 пайыз, сұлы - 0,3 пайызға төмендеген. Керісінше, бағалардың өсуі күрішке 16,4 пайызды құраса, қара бидайға - 2,2 пайыз, қарақұмыққа - 0,5 пайыз деңгейінде белгіленді.
Сондай-ақ, өткен жылдың ішінде картоп - 20 пайыз, көкөністер - 8,9 пайызға, ал сәбіз - 33,2 пайыз, басты пияз - 11 пайыз, қырыққабат - 10,1 пайыз, қызанақ 4,5 пайызға арзандаған. Ал қияр 20,3 пайызға, қант қызылшасы - 17,6, жүзім - 15,5 пайызға қымбаттады.