15:11, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
2009 жылы тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуі байқалды - Статистика агенттігі
АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылы еліміздегі тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуі байқалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2009 жылы бұның алдындағы жылмен салыстырғанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 6,9 пайызға, тұрмысқа жайлы тұрғын үйлерді алып-сату 6,7 пайызға, ал одан төмен санаттағы тұрғын үйлерді алып-сату 5,3 пайызға төмендеген. Сондай-ақ былтырғы жылы жақсы жабдықталған тұрғын үйлерді жалға беру де 3,6 пайызға арзандаған. Атап айтқанда, былтырғы жылдың желтоқсан айында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы бір шаршы метріне 137 мың 279 теңгені құраса, тұрмысқа жайлы тұрғын үйлердің бағасы шаршы метріне 100 мың 829 теңгені құраған. Сондай-ақ алып-сату бойынша көркейтілмеген санаттағы тұрғын үйлердің шаршы метрі 59 мың 143 теңге деңгейінде болды.