201 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің жетекшілігімен Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы болып өтті.
Онда 201 адамға «Болашақ» Халықаралық президенттік стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарылды.
Бұдан бөлек, Республикалық комиссия отырысында хаттамалық тапсырмалардың атқарылу барысы жайында сөз болып, комиссияға келіп түскен өтініштер талқыланды. Халықаралық стипендияны тағайындаудан бөлек, отырыс барысында шет елдерге тәжірибеден өтуге жолданатын қызметкерлер санаттарын айқындау жөніндегі функцияны комиссияға бекіту туралы шешім қабылдады. Отырыс қорытындысына сәйкес, Білім және ғылым министрлігіне нормативтік-құқықтық базаға қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде тапсырма жүктелді.