2010-2011 жылдардың бюджетінде экспорттаушылардың шығынын өтеуге 2,5 млрд. теңге қарастырылған - Ж. Айтжанова
азанның 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2010-2011 жылдардың бюджетінде экспортаушы-компаниялардың шығынын өтеуге 2,5 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Эономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.
«ҚР Үкіметі экспорттаушылардың жарияланымдары, брошюралары, көрмелерін ұйымдастыру, кадарлар даярлау, меркетингтік зерттеулер мәселелеріне қатысты ағымдағы жылдың республикалық бюджетінен 1 млрд. теңге қарастырылған болатын. Дәл осылайша, 2011 жылғы бюджетте де 1,5 млрд. теңге экспорттаушылардың шығынын өтеуге қарастырылып отыр», деді Ж. Айтжанова.
Министрдің айтуынша, ел экономикасының индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде отандық тауарларды экспортқа шығару мәселесіне ерекше назар аударылады. «Осыған байланысты заңнамалық деңгейде экспортты дамыту мен экспортқа шығару жөніндегі ұлттық ұйымның мақсат, міндеті айқындалып отыр. Оның ішінде отандық тауарларды экспорттау үшін сервистік көмек беру, жоғары құны бар отандық тауарларды сыртқа шығару шығындарының бір бөлігін мемлекет тарпынан қаржыландыру міндеттемелері бекітілген», деді Экономикалық даму министрі.