16:00, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
2010-2014 жылдары құрылыс индустриясындағы жалпы қосымша құнды кемінде 76 пайзыға ұлғайту көзделіп отыр
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстандағы құрылыс индустриясы сапасын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде құрылыс индустриясындағы жалпы қосымша құнды кемінде 76 пайзыға ұлғайту көзделіп отыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин айтты.
Оның айтуынша, сонымен қатар құрылыс материалдарының отандық өндірісінің үлесін 80 пайызға дейін ұлғайту, Қазақстан құрылыс саласының еуропалық техникалық реттеу жүйесіне интеграциялау, сондай-ақ Қазақстанның құрылыс саласында шетел инвесторларының қызметі үшін техникалық кедергілерді жою жоспарланып отыр. Бұған қоса отандық құрылыс ұйымдар мен кәсіпорындарының техникалық деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін, мамандардың кәсіби деңгейін арттыру да бағдарламада қол жеткізілуі тиіс көрсеткіш болып табылады.