2010 жылдан бастап «Алтын алқа» наградасымен 7 баланы, «Күміс алқамен» 6 баланы тәрбиелеген аналар марапатталатын болады ? Н. Назарбаев

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда 2010 жылдан бастап «Алтын алқа» наградасымен 7 баланы, ал «Күміс алқамен» 6 баланы тәрбиелеген аналар марапатталатын болады.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан әйелдерінің Ү форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мен көп балалы аналарды қолдау үшін Үкіметке аналарға құрмет атақтарын беру тәртібін қайта қарауды тапсырдым. 2010 жылдан бастап «Алтын алқа» наградасын 10 бала емес, 7 баланы тәрбиелеген аналар алатын болады. Ал «Күміс алқа» наградасымен 6 баланы тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады», деді өз сөзінде Президент.Елбасының айтуынша, осындай наградаларға лайықты аналар ай сайын 8 мың теңгеден астам мөлшерде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын болады. «Бұл мақсатқа бюджеттен 30 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр», деді Мемлекет басшысы.
Соңғы жаңалықтар