2010 жылдан бастап қолында мүгедек баласы бар адамдар айлық жалақының көлемінде жәрдемақы алады ? ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

АЛМАТЫ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2010 жылдан бастап қолында мүгедек баласы бар адамдарға айлық жалақының көлемінде жәрдемақы беріле бастайды. Оны ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлмира Есімбекова бүгін Алматыда Алмалы аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығының қызметкерлерімен болған кездесуінде айтты,

2010 жылдан бастап қолында мүгедек баласы бар адамдар айлық жалақының көлемінде жәрдемақы алады ? ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа заң жобасы Парламент Мәжілісінде талқыланады. Ол осы айдың соңына дейін қаралып, 2010 жылдан бастап күшіне енбек. Аталмыш заң жобасы бойынша қолында мүгедек баласы бар адамдарға келер жылдың қаңтар айынан бастап айлық жалақының көлемінде жәрдемақы беру көзделіп отыр», - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлмира Есімбекова. Депутаттың айтуынша, мүгедек балалар мен олардың ата-аналарына қатысты деректер барлық жерде де мәліметтер қорында сақтаулы. Сондықтан заң жобасы қабылданғаннан кейін құжаттарын тапсырған адамдарға бұл жәрдемақы бірден беріле бастайды.