2010 жылдан бастап Өзбекстан азаматтары үшін биометрикалық деректері бар төлқұжаттар енгізілмекші
ТАШКЕНТ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Өзбекстанда иесінің дербес биометрикалық деректері мен мәлімет беретін деректері туралы электронды ақпараттар енгізілген төлқұжаттар беріле бастайды. Бұл үдеріс 2016 жылға дейін созылмақшы,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елде шығарылған жарлыққа сай 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Өзбекстан Республикасының азаматтарына иесінің дербес биометрикалық деректері мен мәлімет беретін деректері туралы электронды ақпараттар енгізілген төлқұжаттар шет елдерге шығатын немесе шет елдерде тұрып жатқан министрліктердің, ведомстволардың және мекемелердің қызметкерлері, жеке тұлғалары, сондай-ақ заңнамада көзделген негіздер бойынша алатын болады. Бірінші кезең 2010 жылға есептелген.
Екінші кезең 2011-2015 жылдар ішінде барлық Өзбекстан азаматтары үшін биометрикалық төлқұжаттар ресімделетін болады.