14:12, 21 Маусым 2016 | GMT +5
2010 жылдан бері қазақстандық антибиотик үлесі 2 есе артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2010 жылдан ішкі нарықтағы қазақстандық антибиотик үлесі 2 есе артты. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған сәттен 25 жаңа өндіріс пайдалануға берілді. Ішкі нарықтағы отандық өндірістің үлесі 2 еседен астамға, фрамацевтикалық препараттар 1,8 есеге, шприцтер 11 есеге артты», - делінген хабарламада.