2010 жылдың 1-ші тоқсанында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мұнай мен газконденсатын өндіруді ұлғайтты

СТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2010 жылдың 1-ші тоқсанындағы өндірістік қызметінің алдын ала қорытындысын шығарды.

2010 жылдың 1-ші тоқсанында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мұнай мен газконденсатын өндіруді ұлғайтты

«2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның қатысу үлесін есепке алғандағы мұнай және газ конденсатының жалпы өндірілуі жоспарлы көрсеткіштен 4 пайызға артық орындалып, 5 314,9 мың тоннаны құрады», делінген баспасөз хабарламасында.

2010 жылдың 1-ші тосқанында өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның қатысу үлесін есепке алғандағы мұнай және конденсаттың жалпы өндірілуі 878,8 мың тоннаға немесе 19,8 пайызға өскен. Өсім «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның шоғырландырып өндіруі (696,2 мың тонна) есебінен және «Теңізшевройл» ЖШС-і мен басқа да компаниялардың өндіруді ұлғайтуынан қамтамасыз етіліп отыр.

2010 жылдың наурызында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның қатысу үлесін есепке алғандағы мұнай және газ конденсатының жалпы өндірілуі жоспарлы көрсеткіштен 2,9 пайызға артық орындалып, 1 827,5 мың тоннаны құрады.