2010 жылдың 11 айында қазақстандық төлем жүйелерінде төлемдер саны мен көлемінің артуы байқалды
АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Еліміздің төлем жүйелерінде төлемдер саны мен көлемінің өсуі байқалады.
Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз мәслихатында айтылды.
Мәселен 2010 жылғы 11 айда төлем жүйелері арқылы жүргізілген төлемдер көлемі 169,4 трлн. теңге (жалпы көлемі 1149,9 млрд. АҚШ доллары) сомаға 27,0 миллион транзакция болған. Бұл 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,8 пайызға (3,7 млн. транзакцияға) артық. Төлемдер сомасы 18,7 пайызға ( 26,7 трлн. теңгеге) өскен.
Тұтастай алғанда, 2010 жылдың 11 айында Банкаралық клиринг жүйесіндегі төлемдер ағыны 2 917,1 миллиард теңге (19,8 миллиард АҚШ доллары) сомаға 16,6 миллион құжатты құраған. 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттардың саны 15,7 пайызға ұлғайғаны, төлемдер сомасы 19,8 пайызға өскені байқалған. Банкаралық клиринг жүйесінде бір төлем құжатының орташа сомасы 175,9 мың теңгені құрап, 2009 жылдың 11 айымен салыстырғанда 3,5 пайызға ұлғайған.