2010 жылдың алғашқы онкүндігі барысында 70 келі есірткі заттары заңсыз айналымнан шығарылды

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы жылдың бірінші он күнінде 168 есірткі қылмысы, оның ішінде 65 есірткі сату фактісі анықталды.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен апталық брифинг барысында ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметі бойынша осының нәтижесінде 70 кг жуық есірткі заттары заңсыз айналымнан шығарылды. Оның ішінде 6,5 кг героин мен 3 кг гашиш бар. Осы орайда Маңғыстау, Оңтүстік-Шығыс және Жамбыл облыстары бойынша ішкі істер департамент қызметкерлерінің еңбегі зор. Мәселен, Жамбыл облысының Меркі стансысында Алматы облысының 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан жалпы салмағы 5 килограмм 400 грамм героин тәркіленді. Ұсталған азаматтың пайымдауынша, ол есірткіні тауып алған және жеке тұтыну үшін алған. Қазіргі уақытта есірткі құралдарын сатып алу көзі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар