2010 жылдың бірінші жарты жылдығында экономикалық даму нәтижелері айтарлықтай оңтайлы - Премьер-Министр К. Мәсімов

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Самұрық- Қазына» әл-ауқат қорының кеңейтілген отырысында бүгін аталған қор директорлар кеңесінің төрағасы, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Самұрық -Қазына» қорының зерделенген жаңа стратегиясын жасауды тапсырды.
None
None

«Менің көзқарасым бойынша, қазіргі кезеңде ағымдағы жағдайды тыңғылықты зерттеу керек. Атап айтқанда, «Самұрық- Қазына» және оның құрылымына кіретін ұлттық компаниялар үшін қордың дамуын жаңадан қайтадан зерделенген стратегиясын ұсыну қажет. Осы тұрғыда ағымдағы экономикалық ахуалмен алдымызда тұрған міндеттер ескерілуі тиіс», деп атап өтті Үкімет басшысы.

«Бірінші кезекте назарды корпоративті басқару мәселесіне аудару қажет», деді К. Мәсімов. Осы орайда Премьер-Министр енді міндеттердің орындалуына ғана емес, атап айтқанда, алдағы мақсаттардың қаншалықты тиімді орындалып жатқандығына, еңбек өнімділігі қандай деңгейде екенін, әр ұлттық компанияның жұмыс тиімділігі қаншалықты екені маңызды болып табылатын жеткізді.

«Осы мәселелерді ұлттық компаниялар, «Самұрық -Қазына» қоры деңгейінде қарастыруы керек. Жыл соңына дейін «Самұрық- Қазына» қорының директорлар кеңесіне, кейіннен Үкімет отырысына алдағы жылдарға негізделген даму стратегиясын ұсыну керек. Яғни, бұл тұрғыда тиімділікті арттыру мәселесі басты назарда болуы тиіс», деп тапсырды Үкімет басшысы Қ. Келімбетовке.

К. Мәсімов «Самұрық -Қазына» қорының бірінші жарты жылдықтағы жұмысын қорытындылай келе, қордың алдына қойылған мақсат-міндеттерінің орындалуын оң бағалады. «Менің көзқарасым бойынша, осы кезеңді жаман өткерген жоқпыз. Жалпы 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында экономикалық даму нәтижелері айтарлықтай оңтайлы», деп түйіндеді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар