2010 жылдың қаңтар-қараша айларында «Украина мұнай газы» АК-ы газды іске асыру көлемін 25 пайызға көбейтті
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Украина мұнай газы» ұлттық акционерлік компаниясы 2010 жылдың 11 айы ішінде 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда газды іске асыру көлемін 24,9 пайызға - 39 млрд. 954 млн. текшеметрге дейін көбейтті.
Тиiстi мәлiметтер Украина Энергия министрлiгi материалдарында кездеседі. Газды ақшалай сату көлемі 52,9 пайызға - 7,6 млрд. долларға дейін өсті, деп хабарлайды РБК.
Оның ішінде экономиканың дағдарыстан шығуы нәтижесінде өндіріс және энергетика кәсіпорындарына газ сату көлемі 59,7 пайызға немесе 14 млрд. 722 млн. текшеметрге дейін көбейді. Газ бағасының қымбаттауы салдарынан оларды жеткізіп беру құны 72,2 пайызға, яғни 4,9 млрд. долларға дейін өсті. Осы саудадан түскен пайда 64 пайызға - 4,6 млрд. долларға дейін артқан. Өндіріс кәсіпорындарының газға қарызы 6,6 есеге - 313 млн. долларға дейін өсіпті.