2010 жылдың қаңтарында бағалар экспортқа жоғарылап, импортқа төмен болды

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - 2011 жылғы қаңтарда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда экспортталған тауарлардың бағасы 2,7 пайызға жоғарылады, импорт - 1,2 пайызға төмендеді.

2010 жылдың қаңтарында бағалар экспортқа жоғарылап, импортқа төмен болды

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен мәлім етті.

Қаңтар айында экспортталған өнімдер бағасының жоғарылауы табиғи газға - 11,6 пайыз, сұйытылған пропан-бутанға - 8,9 пайыз, көмірге - 6,1, мысқа - 5,6, мұнайға - 4,9, ферроқорытпаларға - 3,5 пайыз көлемінде белгіленді. Ал мұнай өнімдерінің бағасы - 3,1 пайызға, алюминий - 1,4 пайызға, мырыш - 1,2, қара металдар илегі - 1 пайызға төмендеді. Сондай-ақ осы айда былғарының бағасы - 12,8 пайызға, мақта - 4,1, жүн - 1 пайызға қымбаттады, ал темекі - 16,7, астық - 4,5 пайызға арзандады.

Импорттық түсімдерден күріш - 17 пайызға, шай - 12,7, дәрі-дәрмектер - 12,6, ағаш тақтайлар - 11,9, тоқыма бұйымдары - 1,8, кофе - 1,5 пайызға арзандады, керісінше, аяқкиім - 7,6 пайызға, көкөністер - 6,9, балық - 1,9, қант және өсімдік майы - 1,8 пайызға қымбаттады.