2010 жылдың қорытындысы бойынша ең бай милиционер деп РФ Рязань ІІБ бастығы танылды

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - 2010 жылдың қорытындысы бойынша ең бай милиционер болып РФ Рязань ІІБ бастығы танылды, деп хабарлады GZT.RU.

2010 жылдың қорытындысы бойынша ең бай милиционер деп РФ Рязань ІІБ бастығы танылды

Рязань облысы бойынша ІІБ бастығы Иван Перов өткен жылы 12,6 млн. рубль пайда тауып, ең бай милиционер атанды.

РФ Ішкі істер министрлігі өз қызметкерлерінің табысы туралы жария еткен мәліметінде айтылғандай, Перовқа 154 шаршы метрлік пәтер тиесілі. Айта кетер жәйт, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының қаржы-экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасарының әрі ІІМ ІӘ Бас қолбасшылығының қаржы басқармасының міндетін қосымша атқарушының зайыбы ең ауқатты әйел деп танылды.

«Интерфакс» хабарлап отырғандай, ол 17 млн. рубль пайда тауып, 2,6 мың шаршы метрлік жер теліміне, 320 шаршы метрлік саяжай үйіне және Land Rover Discovery жол таңдамайтын көлігіне иелік етеді.