2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ІЖӨ 6 пайыздан астам деңгейде болады деп болжанып отыр

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің Ішкі жалпы өнімінің өсімі 6 пайыздан астам деңгейде болады деп болжанып отыр.

2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ІЖӨ 6 пайыздан астам деңгейде болады деп болжанып отыр

Бұл туралы бүгін биылғы 11 айдың әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысына арналған селекторлық режимдегі Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

«Атап айтқанда Халықаралық валюта қорының болжамы - 5,5 пайызды, ал біздің ресми болжам - 5 пайызды құраған еді. Алайда біз бұл көрсеткіштерді қайта қарастырамыз. Біздің пайымдауымызша, осы көрсеткіш 6 пайыздан астам болмақ», - деді министр. Сонымен қатар Ж. Айтжанова ІЖӨ бойынша нақты көрсеткіштер алдағы уақытта жарияланатынын атап өтті.