2010 жылдың қыркүйегіндегі дәстүрлі тағамдар бағасының салыстырмалы сипаттамасы - «Қазагромаркетинг» АҚ

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Төмендегі материалда қазақстандық нарықта көп тұтынылатын бесбармақ, палау, қуырдақ, көкөніс салаты мен борщ бағасының қыркүйек айындағы салыстырмалы сипаттамасы берілген. Бұны «Қазагромаркетинг» АҚ дайындаған. «Қазагромаркетинг» «Біздің қазанымыз» деп аталатын индексті енді ай сайын жасап, халық назарына ұсынбақ.

2010 жылдың қыркүйегіндегі дәстүрлі тағамдар бағасының салыстырмалы сипаттамасы - «Қазагромаркетинг» АҚ

Бесбармақ

Ең қымбат бесбармақ Астана қаласында дайындалады екен, оның бағасы 1680 теңгені құрайды ( салыстыратын болсақ, 2009 жылдың қыркүйек айында бұл тағамның құны - 1509 теңге болған). Ал тамыз айымен салыстырғанда елордада бесбармақ 2,95 пайызға арзандаған. Екінші орында Ақтау қаласы тұр - бұл жердегі ұлттық тағамның бағасы -1667 теңге, (тамызда 1662 теңге болған). Ал ең арзан бесбармақ Тараз қаласында сатылады, ондағы бесбармақтың бағасы - 1358 теңге, алайда былтырғы жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 15 пайызға қымбаттаған.

Палау

Ең қымбат палау Астана қаласында дайындалады екен. Бұл тағам түрін дайындау үшін 601 теңгенің азық-түлігі қажет (тамыз айында 511 теңге болатын). Екінші орында Алматы қаласы тұр, ондағы палаудың бағасы - 566 теңге. Ал, Ақтау қаласы палау бағасының қымбаттығы бойынша үшінші орында, бұл қалада палауды 564 теңгеге сатып ала аласыз. Ал ең арзан, 455 теңгеге дайындалатын палауды Талдықорған қаласынан кездестіресіз.Осылайша қыркүйек айында палаудың құны республика бойынша орта есеппен алғанда 511 теңгені құрап отыр. Ал, бір жыл бұрын, яғни 2009 жылдың қыркүйегінде 459 теңгені құраған. Сөйтіп палау бағасы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,65 пайызға қымбаттаған.

Қуырдақ

Еліміздегі ең қымбат қуырдақ Астана қаласында дайындалады. Елордадағы қуырдақтың бағасы - 561 теңге. Алматы қаласындағы қуырдақтың бағасы - 536 теңгены құрайды, тамыз айымен салыстырғанда 2,99 пайызға қымбаттаған. Ал Талдықорған қаласында 395 теңгеге қуырдақ алуға болады. Қауырдақ бағасы осы жылғы тамыз айымен салыстырғанда 2,02 пайызға, былтырғы жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 8,51 пайызға қымбаттаған.

Борщ

Қазақстандағыең қымбат борщ Алматы қаласында дайындалады екен, бұл жердегі баға - 697 теңге (тамыз айында 702 теңге болған). Астана қаласында да борщ бағасы Алматыға жетеқабыл, мұнда тағамның бұл түрін - 652 теңге сатып алуға болады. Ал, Ақтау қаласында борщ 643 теңге тұрады (тамыз айында 648 теңге болған). Осылайша қыркүйек айымен салыстырғанда елімізде борщтың бағасы 2,45 пайызға төмендеген.

Көкөніс салаты

Ең қымбат көкөніс салаты (қызанақ, қияр, пияз, өсімдік майы мен тұз) Астана қаласында әзірленеді, бағасы - 221 теңге (тамыз айында 160 теңге тұрған). Павлодар мен Петрропавл қалаларының тұрғындары тиісінше 155 және 144 теңгеге көкөніс салатын дайындай алады. Ең арзан салат Талдықорған (83 теңге), Тараз (88 теңге) және Қызылорда (89 теңге) қалаларында сатылады. Сонымен, көкөніс салатының құны тамыз айымен салыстырғанда 3,28 пайызға, 2009 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 15,58 пайызға қымбаттаған.

Жалпы алғанда Қазақстан бойынша ет және сүт өнімдері алдыңғы айға қарағанда 3 пайызға жуық қымбаттаған.