13:27, 01 Маусым 2010 | GMT +5
2010 жылдың мамыр айында күнкөрістің төменгі шегі 13 мың 073 теңгені құрады
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2010 жылдың мамыр айында күнкөрістің төменгі шегінің мөлшері 13 мың 073 теңгені құрады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, негізгі азық-түлік тағамдарының төменгі тұтыну нормасын назарға ала отырып есептелген күнкөрістің төменгі шегінің мөлшері орташа есеппен алғанда жан басына шаққанда 2010 жылдың мамыр айында оның алдындағы аймен салыстырғанда - 1,4 пайызға, ал 2009 жылдың мамыр айына қарағанда 4 пайызға ұлғайды. «Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға кеткен шығынның үлесі - 20 пайызды, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға - 16,9 пайызды, жеміс-жидектер мен көкөністерге - 12 пайызды, нан өнімдеріне және жарма бұйымдарына - 8,8 пайызды, қант, шәй және дәмдеуіштерге 2,9 пайызды алады», делінген агенттіктің бүгінгі таратқан хабарламасында.