2010 жылдың мамырында орташа жан басына шаққандағы тұрғындардың кірістері 39 мың 120 теңгені құрады - Статистика агенттігі

Сөйтіп, номиналды өсім 2009 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда - 16,3 пайызды, ал нақты өсім 8,7 пайызды құрады. Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов таныстырды.
Оның деректеріне қарағанда, 2010 жылдың мамыр айында қызметкерлерге бөлінген орташа айлық номиналды жалақы 74 мың 791 теңгеге жетіп, өсім 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,0 пайызды құрады. Ал 2009 жылдың мамыр айының жалақысына байланысты индекс 107,5 пайыз болды.
Сондай-ақ 2010 жылдың маусым айының мәліметтері бойынша, жұмыссыздар саны 495,9 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі тұрғындардың экономикалық жағынан белсенді бөлігінің 5,7 пайызын құрады. 2010 жылдың маусым айында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 69,5 мың адам болды. Бұл халықтың экономикалық жағынан белсенді бөлігінің 0,8 пайызы. Ал белгісіз жұмыссыздар саны 0,4 пайызға жетіп отыр.