2010 жылдың соңына дейін Астана қаласында 10 жаңа балабақша іске қосылады - Білім басқармасы
АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылдың соңына дейін Астана қаласында 10 жаңа балабақша іске қосылады.
Қалалық Білім басқармасы бастығының орынбасары Рысты Шоқаеваның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2009-2010 жыл ішінде балабақшалардың бұрынғы ғимараттарын қайтарып алу есебінен 2380 орынға лайықталған 12 балабақша іске қосылды.
Одан бөлек қазір елордада, 2440 бүлдіршінді қабылдауға арналған 10 жаңа балабақшаның құрылыстары жүргізіліп жатыр. Олардың бесеуін (Кубрин, Беляков, №24-37-ші, Ақмешіт көшелері мен Комсомол кентінде) тамыздың 1-іне дейін, ал қалған бесеуін (Көктал-1,2 кенттерінде, Сейфуллин мен Тілендиев көшелерінде, Комсомол кентінде) 2010 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, Астанада бүгінгі күні балабақша кезегінде 6 жасқа дейінгі барлығы 35 мың бала тұр. Мектепке дейінгі біліммен қамтылғандардың саны - 16 мың. Елбасының балабақшалар санын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған шаралардың нәтижесінде барлық өңірлерде сияқты Астана қаласында да мектепке дейінгі нысандардың саны артып келеді. Мәселен, елордада жыл басында 39 мемлекеттік балабақша жұмыс істесе, қазіргі уақытта олардың саны 48-ге жетті. Сонымен бірге 5 жекеменшік мекеме ашылды, олар - 27.